«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

     

 

     ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

 

«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕСІНЕ СӘЙКЕС ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ:

ЖАҢА МІНДЕТТЕР. І КЕЗЕҢ»

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

28 мамыр 2021ж.

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы сіздерді 2021 жылғы 28 мамырда өтетін «ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕСІНЕ СӘЙКЕС ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР. І КЕЗЕҢ» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

—  үздіксіз білім беру феноменінің даму үрдістерін, әдіснамалық негіздерін және оның гуманистік мәнін анықтауға байланысты үздіксіз білім беру жүйесінің теориялық және практикалық сипатының маңызды мәселелеріне кешенді зерттеу жүргізу; оны жобалау мен іске асыру ерекшеліктерін анықтау;

— қазіргі заманғы қазақстандық және шетелдік білім берудің жай-күйін, олардың даму болашағы мен өзара байланысын талқылау;

 — білім берудің барлық деңгейінің өзара байланыс жүйесінде үздіксіз білім берудің; қосымша, бейресми және кәсіптік білім берудің даму модельдеріне талдау жасау;

 — цифрлық білім беру ортасының білім сапасына әсері, оның сапасын арттыру және цифрлық кеңістікті қолдана отырып, үздіксіз білім беру мүмкіндіктерін кеңейту

  —адами капиталды дамытуға ықпал ететін білім беру алаңдарында инновациялық практиканы жүзеге асыру тәжірибесін анықтау.

Конференция бірлескен халықаралық пәнаралық зерттеулерді ұйымдастыруға, үздіксіз білім беру саласында тәжірибе алмасуға, халықаралық академиялық қоғамдастықты шоғырландыруға және қазақстандық ғалымдардың шетелде танымал болуына мол мүкіндік береді.

Қазақстандық және шетелдік ғалымдар, үздіксіз білім беру мәселелерімен айналысатын, педагогика және философия, білім беру психологиясы саласындағы мамандар; білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер конференцияға қатысуға шақырылады.

Конференцияны ұйымдастырушы — Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Конференцияға қатысу – тегін, ол үшін міндетті түрде тіркелуіңіз қажет.

 

Конференция аясында өтетін іс-шаралар

-  Пленарлық мәжіліс

- Панельдік сессия

 

Конференцияның негізгі бағыттары:

- Жаһандық сын-тегеуріндер жағдайындағы өмір бойы оқу философиясы (21 ғасырдың трансверсиялық құзыреттері мен жаңа сауаттылығы. Ұрпақтар теориясы. Цифрлық ұрпақ. Үздіксіз педагогикалық білім беруді жаңарту. Білім және ғылым - 21 ғасырдың міндеттеріне жауап. Күміс университеттер - жаңа мүмкіндіктер.)

- Үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқытудың тиімді тәсілдері мен инновациялық технологиялары.

- Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру. Білім берудегі инклюзия және теңдік. Үздіксіз білім берудің киберқауіпсіздігі.

- Сапа кепілдігін қамтамасыз ету: критериалды бағалау, аккредиттеу, мемлекеттік аттестаттау, ұлттық сертификаттау, рейтингілеу.

 

Ақпараттық хатты толығымен көшіріп алу
Спикеры, эксперты и ключевые участники 2020 года